МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Білім алушылар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу
2. Бітіруші сыныптардың 2023-2024 оқу жылын аяқтау, қауіпсіздікті күшейту туралы
Жиналысқа қатысқан құқық қорғау органдары қызметкерлері:
1. Ақтау қаласы ЖПҚб ЮПб УПИ полиция лейтенанты Ықылас Романов Амантұрлыұлы
2. Ақтау қаласы ЖПҚб УПИ полиция аға лейтенанты Серикбаев Ерлан Оразгелдиевич
3. Ақтау қаласы ЖПҚб ЮПб УПИ қатардағы полицейі Салыхов Асланбек
Маңғыстау өңірінде ауа-райының жылуына орай суға шомылу маусымы басталып кетті. Қазіргі уақытта облыста шомылуға тыйым салынған 10 және рұқсат етілген 41 орын анықталды.
Ақтау қаласында 3, Түпқараған ауданында 4, Қарақия ауданында 2, Мұнайлы ауданында 1 орынға түсуге тыйым салынған.
Ақтау қаласы бойынша: 4а шағын ауданында орналасқан Caspian Rivera қонақ үйінен 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағы, Шора су каналы, «МАЭК» ЖШС су каналының жағалау аймағы.
Түпқараған ауданы бойынша: Ақтау — Форт- Шевченко тас жолының 43 шақырымы, 64 шақырымдағы «Голубая бухта», 86 шақырымдағы «Саура» аймағы, Форт-Шевченко қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан «Тамшалы» жағалауы.
Қарақия аумағы бойынша: «Жыланды» жерінен «Кендірлі» бағытына қарай және «Тоқмақ» жерінен Кендірлі бағытындағы жағалау.
Мұнайлы бойынша: Батыр ауылдық округінің солтүстік-шығыста 7 шақырым қашықтықта орналасқан зиянды қалдықтары бар көл аумағы.
Білім алушыларға табиғатқа шығуда рұқсат етілмеген жерлерге мүлдем шығуға болмайды. Мектеп бітіруші түлектердің мейрамхана, кафе, үй жалдау, теңіз жағасындағы жеке нысандарға барып отыруға МҮЛДЕМ РҰҚСАТ берілмейтінін қаперіңізге береміз.
Шағынаудандар арасында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар орын алып отыр.
Құқық қорғау органдары тарапынан үнемі «Түнгі қаладағы балалар» рейдтері жүргізіледі. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі ата-аналарға жүктеледі, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қаперіңізге береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *