Маңғыстаулық жастар Шерқала, Ақмыш сайы аумақтарында сенбілік ұйымдастырды

Маңғыстаулық жастар Шерқала, Ақмыш сайы аумақтарында сенбілік ұйымдастырды
Ш. Есенов университетінің студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» аптасында Шерқала, Ақмыш сайы аумақтарында сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бес аптаға созылатын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының алғашқы аптасы облысымызда сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, қала бойынша санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Республикалық акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деп аталады. Бұл шара аясында Шерқала, Ақмыш сайы аумағына барған студенттер 50 қапқа жуық қоқыс жинады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қоқыстар демалушылардан кейін қалған.
— Біз «Киелі мекен» апталығы аясында 30-ға жуық студент болып, киелі Шерқала, Ақмыш сайы аймақтарына келдік. Маңғыстаудың киелі аймақтарына бару көптен ойымда жүр еді. Міне, осы шара аясында Шерқала тауын да өз көзіммен көрдім. Бұл киелі таудың тарихына қатысты көптеген аңыз әңгімелерді естіген едім. Біз Ақмыш сайы аймағынан 30-ға жуық, Шерқала тауының етегінен 10 қап қоқыс жинадық. Студенттердің барлығы белсенді. Еліміздің осындай киелі аймақтарын көзіміздің қарашығындай қорғап, таза сақтасақ деген тілек-ниетіміз бар, — деді шараға қатысушы студент Айбек.
Сенбілікті ұйымдастырушылар тарихи орындарға демалып келуші туристер мен қонақтардан тазалықты сақтауын сұрайды.
— Маңғыстау тарихи орындарға бай, аспан асты мұражай өлкесі. Бұл аймақтарға бұрын демалуға келіп тұратын едік. Өлкемізде туризм саласы жылдан жылға дамып келеді. Әйтсе де бізді демалып келушілердің киелі, тарихи орындарға өз қоқыстарын тастап кетуі алаңдатады. Сондықтан, осындай сенбілік шараларын жиі ұйымдастырып тұруды жөн санаймын, — деді олар.
Айта кетейік, акция аясы 5 аптаға жоспарланған. Алдымыздағы «Жасыл аймақ» аптасында қалада жасыл желектерді көбейту бойынша жұмыстар атқарылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасында жас ұрпақты көгалдандыру жұмыстарына баулуға арналады. Акцияның соңғы «Мөлдір бұлақ» аптасында теңіз жағасында тазалық жұмыстары жүргізіледі
Мангистауская молодежь организовала субботник в районах Шеркалы и Акмыша
.. Студенты Есеновского университета организовали субботник в районах Шеркала и Акмыша в рамках недели экологической акции «Чистый Казахстан», сообщает mangystaumedia. kz.
В первую неделю пятинедельной экологической акции «Чистый Казахстан» в нашем регионе была организована и по всему городу проведены санитарные очистки.
Вторая неделя республиканской акции называется «Святое место». В рамках данного мероприятия студенты, выехавшие в район Шеркалы и Акмышского района, собрали около 50 мешков мусора. Организаторы говорят, что мусор оставил отдыхающие.
— В рамках недели «Святое место» нас было около 30 учеников и пришли в священную Шеркалу Акмыш. Посещение священных мест Мангистау уже давно в голове. Вот, я своими глазами увидел гору Шеркала в рамках этого мероприятия. Я слышал много легенд об истории этой священной горы. Собрали около 30 мешков мусора с подножия горы Шеркала в Акмыш Сайской области. Все студенты активны. «У нас есть желание защищать и сохранять чистыми, как зеница глаз», — сказала студентка-участница мероприятия Айбек.
Организаторы субботы просят туристов и гостей, посещающих исторические места, поддерживать чистоту
— Мангистау богат историческими местами, подземной музейной территорией. Раньше мы приезжали в эти края отдохнуть. Туризм в нашей стране развивается из года в год. Однако мы обеспокоены тем, что отдыхающие оставляют свой мусор в священных, исторических местах. Поэтому такие субботники я предпочитаю организовывать часто, — говорили они.
Допустим, рамки кампании запланированы на 5 недель. В течение предстоящей недели «Зеленой зоны» будут проведены работы по увеличению зеленых насаждений в городе. А неделя «Поколения Онегели» посвящена привлечению молодого поколения к садоводству. В течение последней недели акции «Молдир Булак» проводятся работы по уборке на берегу моря.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *